Лондонда фургон жаяу жүргіншілерді қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда фургон жаяу жүргіншілерді қағып кетті

19.06.2017

Ұлыбритания астанасында тағы төтенше жағдай. Лондонның солтүстігіндегі Финсбери-парк ауданында көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті. «Рейтер» екі адамның мерт болғанын хабарлады. Әзірге онға тарта адамның жараланғаны белгілі. Зардап шеккендердің нақты саны беймәлім. Оқиға адамдар кешкі намаздан кейін мешіттен тарап жатқанда болған. Осыған қатысты бір адам тұтқындалды. Әзірге шабуылдың қасақана жасалғаны немесе абайсызда болғаны белгісіз. Дегенмен, Ұлыбританияның мұсылмандар кеңесі «көлік жүргізушісі адамдарды әдейі қағып кетті», деп мәлімдеді. Осы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Маусымның 3-де  Лондонның орталығында аса жылдам жылдамдықпен жүйіткіген фургон жүргізушісі де қасақана адамдарды қағып кеткен еді. Сол шабуылдан 7 адам қаза тауып, ондағаны жараланды. 

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу