Геннадий мен Альварес үшінші жекпе-жектен қанша сыйақы алатыны белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий мен Альварес үшінші жекпе-жектен қанша сыйақы алатыны белгілі болды

19.09.2022

Геннадий мен Альварес арасындағы бес жылға созылған текетірес осымен аяқталды ма? Үшінші жекпе-жек үшін боксшылар қанша сыйақы алады? Әлемдік бокс сайттары былғары қолғап шеберлерінің гонарарларын жарыса жариялап жатыр.

Жалғас Сәдібекұлы, журналист:

Геннадий мен Альварес үшінші жекпе-жектен қанша алатыны белгілі болды. Головкиннің гонорары 20 миллион доллар болса, «Канело» екі есе көп – 45 миллион доллар алады. Бұл кепілді төлем. Боксшылардың табысының жалпы сомасы билеттер мен онлайн көрсетілім сатылымынан түсетін бонустардың есебінен артуы мүмкін. Мысалы Альварестің табысы алпыс бес млн долларға дейін жетуі ықтимал.

Қарсыласынан есесін қайтару үшін Головкин супер орта салмаққа көтеріледі. Бұл GGG-дің жаңа дивизиондағы дебюті еді. Қалай болса да бұл бокс тарихында қалады. шаршы алаңдағы биылғы жылдың басты оқиғасы саналады.

Жалғас Сәдібекұлы, журналист:

Екі кәсіби боксшының арасында бес жылға созылған текетірес осымен аяқталды деп айтуға бола ма?. Үшінші жекпе-жек екі мықтының бәсекесіне нүкте қойды деу қаншалықты дұрыс? Себебі, кәсіби бокс тарихында төрт рет кездескен мықтылар болған. Мысалы Пакяуо мен Маркес сегіз жылға созылған бәсекеде төрт рет кездесіп, маркес накаутпен ұтқан еді. Канелоға да осындай сұрақ қойылған жақында. Ол туралы ойлану керек деп жауап қатқан еді.

Қалай болса да Геннадий олимпиада ойындарын айтпағанда кәсіби бокста жүрген он алты жыл ішінде қырық бір рет қазақ даңқын шығарды, елді қуанышқа бөледі. Мыңдаған жас буынның көкірегіне от жақты. Жекпе-жектерінің көбін мерзімінен бұрын жеңген нокаутшы. 9 жыл қатарынан 23 нокаутпен жеңіске жетті. Сол үшін де Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Жалғас Сәдібекұлы, журналист:

2020 жылға дейін 21 рет атақтарын қорғап қалды. Сондықтан қазақтың еңсесі түспеуі тиіс. Трипл джмен қашанда мақтануы керек.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу