Кенесары ханның 220 жылдық мерейтойы қарсаңында «Семсер жүзіндегі серт» атты роман-трилогияның таныстырылымы өтті.
Тарихи деректер жазылған кітап үш-төрт ғасырды қамти отырып, қазақтың басынан кешкен оқиғаларын сипаттаған эпопеяға ұласқан. Қазақ хандығының құрылу кезеңінен бастап, қазақтың соңғы ханы – Кенесарының жанқиярлық тарихи ерліктері мен қаза табуына дейінгі дәуірі қамтылған. Сондай-ақ, туындының өн бойынан рухты қозғайтын сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік оқиғалар шынайы әрі көркем түрде көрсетілген.
Әділбек Ыбырайымұлы, кітап авторы:
Қайсар бабаларымыздың рухын тірілту, жалпы қалың оқырманға кеңінен таныстыру мақсатында роман жазылды. Кенесары ханның рухын тірілтуіміз керек батыр Бауыржан атамыз артынан аманат қалдырған. Сол үшін ұзақ жылдар бойы дайындалып, қалам тербедім.