Астанада жаңа кітаптың таныстырылымы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жаңа кітаптың таныстырылымы өтті

18.05.2023

«Қазақстанның үздіксіз мемлекеттігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы Еуропа және Америка карталарындағы Қазақ мемлекеті». Дәл осындай атаумен Астанада жаңа кітаптың таныстырылымы өтті. Онда Қазақстанның мемлекеттігі туралы тың ақпараттар топтастырылған. Мемлекеттіміздің дамуының негізгі кезеңдерін айқындайтын құжаттар мен 130 карта бар. «Қазақ хандығы құрылғаннан бері оның атауы батыстың жетекші картографиялық баспаларында, соның ішінде АҚШ, Бельгия, Англия, Франция, Италия, Германия құрған атластарда аталған. Еңбек 1562 жылдан 1879 жылға дейінгі кезеңді қамтиды», - дейді автор. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу