ҚР Премьер – министрі Әлихан Смайылов бүгін Қостанай облысында өрттен зардап шеккен азаматтармен кездесті. Әулиекөл кентінде жаңадан салынып жатқан шағын ауданданда болып, жұмыс барысымен танысты.
Дәуренбек Әбдібдек, тілші:
Үкімет басшысының Қостанай облысына сапары Әулиекөлдегі құрылыс алаңынан басталды. Бұл жерде өрттің салдарынан баспанасыз қалған азаматтарға барлық коммуникациялармен қамтылған 91 тұрғынүй салынады. Дәл қазір олардың бәрінің іргетасы құйылып болды. Отызшақты үйдің қабырғасы қаланып жатыр.
Басталғанына оншақты күн ғана өткен құрылыс жұмысы үш ауысыммен қарқынды жүріп жатыр. Жаңа ауданның аумағы 12 гектар. Осы жерге әрқайсының көлемі 100 шаршы метр болатын, төрт бөлмелі 91 үй салынады. Газ, жарық пен су тартылып, асфальт төселеді. Жобаның жалпы құны 2 млдр 200 млн теңге.
Берік Таңжарықов, Облыстық құрылыс және сәулет басқармасының басшысы:
Бұл қаржы республикалық бюджеттен бөлініп отыр. Жоба ҚАЗНИСА институтымен әзірленді. Барлық сараптамадан өткен. Аяқталу уақыты 25-27 қазанға дейін.
Жарық пен газ, су, интернет желісі биыл тартылады. Ал асфальт төсеу табаны әбден тапталып, нығыздалғанша келесі жылға қалуы мүмкін. Масқат – жұмысты сапалы орындау. Мұны онлайн желіден Үкімет басшысы да бақылап отырғанын айтты.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Бұл жұмыс мемлекет басшысының, үкіметтің ерекше бақылауында. Алдағы мақсат – жұмысты белгіленген мерзімде сапалы түрде бітіру. Бұл жұмысқа біз өте жауапты келуіміз керек.
Премьер - министр өрттің салдарынан баспанасыз қалып мектептің спортзалын уақытша мекен еткен тұрғындармен де жүздесті. Үкімет басшысы қиын жағдайда қалса да төзімділік пен сабырлық көрсеткендерге алғысын білдірді. Бұдан әрі сапары Қостанай қаласында жалғасты. Табиғи, сапалы өнім шығаратын сүт зауытының жұмысымен танысып, ауылшаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесті.
Дәуренбек Әбдібек