Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттырады
Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттырады. Күні кеше ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында тиісті келісімге қол қойылған. Енді Қытай үкіметі Шығыс Қазақстан облысы сапа инспекциясының зертханасына жабдық тапсырады. Қазақстан қайта өңделетін тауар, жемшөп пен қоспалар, ет және ет өнімдері, сүт пен сүт өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға мүдделі. Айта кетейік, биыл агросалада Қазақстан мен Қытайдың тауар айналымы 412 млн доллардан асқан. Біз көрші елге 280 млн долларға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттадық.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада жүзуден Әлем кубогы өтеді
08.09.2026, 17:35
Қарағанды облысында 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 17:33
Семейді абаттандыру қарқын ала бастады
08.09.2026, 17:30
Талғардағы демалыс орындары мен күре жолдарды тазалады
08.09.2026, 17:27
Алматылықтарға Бас жопарға қатысты байланыс орталығы қосылды
08.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
08.09.2026, 17:22
Қызылордада көпбейінді аурухана жыл соңында ашылады
08.09.2026, 17:20
Мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 17:17