Қазақстан Парламенті Парламентаралық одақпен тәжірибе алмасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Парламенті Парламентаралық одақпен тәжірибе алмасады

15.09.2022

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов, Парламентаралық одақ төрағасы, Португалия Республикасы Ассамблеясының депутаты Дуарте Пашекумен кездесті. Тараптар ынтымақты дамыту бағыттарын талқылап, бірлескен іс-шаралар өткізу жөнінде келісімге келді. 

Негізінен Дуарте Пашеку Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-съезіне қатысуға келген. Мәжіліс Спикері оған диалогты нығайтудағы Қазақстан саясатына қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Тараптар ынтымақты дамыту бағыттарын талқылай келе, экологиялық мәселелердің өзектілігіне ерекше мән берді. Өз кезегінде Дуарте Пашеку әлемдегі қақтығыстардың көбі-діни себептерден туындайтынын айтты. Сондықтан рухани көшбасшылар халыққа діннің жанжалға себеп болмайтынын түсіндіруі керек екеніне назар аударды. 

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Пашеку мырзаға Қазақстанның саяси реформаларын және Мемлекет басшысының бастамаларын қолдағаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ, Парламентаралық одақ пен Қазақстан Парламенті бірлесіп форум, семинар, өзге де іс-шаралар ұйымдастыру туралы ұсынысыңызға рақмет! Шын мәнінде, бұл тәжірибе алмасу үшін үлкен мүмкіндік.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу