Халық пікірі: Жолдауда көтерілген бастамалардың орындалуы маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Жолдауда көтерілген бастамалардың орындалуы маңызды

15.09.2022

Президент өкілеттілігін жеті жылдық мерзімге ұзарту орынды. Себебі халық Жолдауда айтылған әлеуметтік бастамалардың жүзеге асарына сенім артады.

БЛИЦ:

Шетел мемлекеттерінде 4 жылдан екі рет сайланады. Сонда 8 жыл. Ал, біздер дамушы ел болғандықтан бізге 7 жыл мерзім, яғни, Президентке жетеді деп ойлаймын. Себебі, 7 жылда өзінің саяси-экономикасын, саяси елді тұрақтандырады деп ойлаймын. Сондықтан бұл шешімді мен қолдаймын.

Негізі жолдауда бәрі орынды айтылған сияқты. Бір рет сайланып жеті жылға, сосын басқа адамдар дайындалса, өзге адамдар ауысатын болса жақсы деп ойлаймын.
Президент ең төменгі жалақы көрсеткішінің 50 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтерлетінін айтты. Жолдауда қамтылған жаңашылдықтардың барлығы елдің экономикасын, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Сондықтан көпшілік оны қолдап жатыр.

Қазақстанның жаңаруы үшін осы президентіміз тағы бір жеті жыл отырса, ойындағы істерінің бәрін іске асырады деп ойлаймын. Жолдауда айтылған медицина саласына байланысты бағыттарды дұрыс деп ойлаймын. Мысалы шағын ауылдардың бәрі көбі көшіп кетті, 7-8 үй қалып жатыр. Олар қайда барады. Сондықтан оларға ойлаймын міндетті түрде болу керек қаралатын жер.

Жеті жылға ұзартқаны дұрыс енді бастаған істерін соңына дейін шығару үшін. Бар жоғы істегеніне 3 жыл болды ма, әлі көп пландарды құрып жатыр. Соларды аяқтағаны дұрыс деп ойлаймын.

Хабарламаларға жазылу