Сайлауалды тұғырнаманың орындалуы міндеттелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлауалды тұғырнаманың орындалуы міндеттелді

18.03.2014
Сайлауалды тұғырнаманың орындалуы міндеттелді
Өткен жылы «Нұр Отан» партиясынан көмек сұрап, 800 мың азамат арызданған. Олардың дені тұрғын үй, коммуналдық тарифтердің көтерілуіне және жұмыссыздық мәселесіне қатысты шағымдарын айтқан.
 
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. Партияның сайлауалды тұғырнамасының орындалу барысын баяндаған Бауыржан Байбек, Елбасы жүктеген міндеттерді іске асыруда салғырттық танытқан өкілетті органдарды сынға алды.
 
Мәселен, Білім және ғылым министрлігі жастар мәселесін әлі бір ізге сала алмай келеді. Жұмыссыз азаматтар көп. «Жастар практикасы» әлеуметтік жобасына бюджеттен 2,3 миллиард теңге бөлінгенімен, бұл жоба бойынша тек жастардың 20 пайызы ғана еңбекке тартылған.
 
Халық қалаулыларының қырына іліккен «Жастар саясаты туралы» заң жобасының дер кезінде қабылданбауы тұғырнамада көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға тұсау болып отыр, деді партияның бірінші орынбасары.
 
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
«Қазақстан 2050» стратегиясында Мемлекет басшысы жастарға айрықша екпін берді. Себебі, оны іске асыратын да жастар. Алайда, зерттеулер қорытындысына сүйенсек, елдегі жастардың 70 пайызы   «Мемлекеттік жастар саясаты» тұжырымдамасы жөнінде мүлде естімеген екен.
 
 
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу