Ұлтаралық татулықтың маңызы жоғары – Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлтаралық татулықтың маңызы жоғары – Президент

14.09.2022

Біз әділетті Қазақстанды құруға екпін жасап отырмыз. Саяси трансформация жолында еліміздегі конфессияаралық келісім, ұлтаралық татулықтың маңызы жоғары. Бұл бір-бірімен егіз ұғымдар. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Және съездің мақсаты мен маңызына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біздің алдымыздан шығып отырған қазіргі қауіп-қатерлердің барлығын біз осы рухани, діни лидерлердің қолдауымен шешеміз деп ойлаймын. Сондықтан біздің еліміз өркендеуші, өскелең болуы үшін өзіміздің елімізде де саяси тұрғыдан трансформацияны жүргізіп жатырмыз.

Хабарламаларға жазылу