Астанада ақсақалдар бата беруден жарысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ақсақалдар бата беруден жарысты

11.05.2023

Астанада ақсақалдар бата беруден жарысты. Республикалық байқауға облыс, қаладағы іріктеуден өткен бас-аяғы 20 адам қатысты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған шарада ақсақалдар алдымен жеребе тартып, қазақтың салт-дәстүріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Артынша батаның түрлері бойынша тапсырма алды.

Орынбай Ырысбаев, байқау қатысушысы:

Менің жасым 73-те. 28-бата, 55 салт-дәстүрдің бәрін жаттау әрине қиындыққа соғады. Бірақ жаттап жатырмыз. Қазір беріп жатқан сұрақтардың көбісін өмірден көрдік.

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

Бата беру сайысын өткізудегі мақсатымыз бата берудің ережесін, дұрыс бағытын қалыптастыру үшін қоғамда осындай сайыстар өткізіп жатырмыз.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу