Геннадий Головкин елге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин елге келді

04.10.2017

Геннадий Головкин  ҚР Президентіне қолдауы үшін алғысын білдірді. Ізгі тілегін танымал боксшы  Қарағанды облысының әкімімен кездесу барысында  жеткізді. «Әр жекпе-жектің қарсаңында Елбасының ерекше ықыласы мені  қанаттандырып, жеңіске жетелейді», - дейді Головкин.

Бүгінде чемпион «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға  айтарлықтай үлес қосып жүр. Ол туған жерге тағзым ретінде Қарағандыға балалар ойын-спорт алаңын сыйлаған болатын. 

Облыс басшысымен болған кездесуде былғары қолғап шебері балалар спортын дамыту туралы әңгімелесті. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу