Еуразиялық топтың ведомствоаралық отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық топтың ведомствоаралық отырысы өтті

13.09.2022

Елордада қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық топтың ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Отырысқа ақшаны жымқыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйесіне қатысушы 20-ға жуық мемлекет өкілдері қатысты. Жиында Еуразиялық топтың атқарушы хатшысы Сергей Тетеруков аталмыш жүйемен күресте Қазақстанның Еуразия өңіріндегі маңызды рөлін атап өтті. Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы Жанат Элиманов алдыңғы Өзара бағалау аяқталған сәттен бастап Қазақстанда ұлттық жүйені жетілдіру бойынша бірқатар реформалар іске асырылғанын айтты. Мәселен, былтырдан бері базалық заңға екі рет түзетулер енгізілген. Жалпы, 3 кодекс, 13 заңнамалық және 20 заңға тәуелді актілер өзгерістерге ұшырады. Жалпы, халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтіп жатқан жиын үш аптаға созылады. Онда қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы қауіптер мен олқылықтарды анықтау және оны жою бойынша кездесу өтеді.  

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу