Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысы өтті

01.07.2014
Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысы өтті

Мәскеу қаласында Кедендік одақ елдеріндегі бірқатар салаларға, техникалық регламенттерді енгізудің жай-жапсары пысықталды. Бұл мәселені, Еуразиялық экономикалық комиссия мен Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің бизнес қауымдастық өкілдері бірлесіп талқылады.

Тараптар сонымен қатар, Астанада қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімнің іске асу келешегін де сөз етті. Еуразиялық комиссияның мүшесі  Валерий Корешковтың пікірінше, алдағы уақытта үш ел, қазіргі заман талабына сай техникалық регламенттер қабылдауы керек.

Әсіресе, Кедендік одақ аумағында шығарылатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылау, нарықты жалған тауарлардан қорғау және бизнеске әкімшілік кедергілерді азайту, басты міндет болып тұр.

Отырысқа қатысқан қазақстандық бизнес қауымдастықтың өкілдері, «техникалық регламенттерді әзірлеу ісін, кәсіпкерлердің құзырына беру керек»,- деген ұсыныс айтты.

Сергей Радаев, Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Техникалық реттеу департаментінің директоры:

Міндетті түрде орындалатын талаптың саны азайтылып, есесіне бизнесмендердің өздері шығаратын тауары мен көрсететін қызметі үшін жауапкершілігі артуы тиіс. Мәселен, Батыс елдерінің тәжірибесіне қарасақ, ол жақта бизнес қауымдастықтың өзі техникалық регламент құру туралы бастама көтереді. Яғни, бізде де  іскер азаматтардың өздері, кәсіпкерлер үшін шектен тыс талап қойылмауын реттеп отыруы қажет.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу