Президент және Рим Папасы қоғам, дипломатия өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент және Рим Папасы қоғам, дипломатия өкілдерімен кездесті

13.09.2022
Бұдан кейін Рим Папасы Франциск Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық корпуспен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Жалпы, Қазақстан мен Ватикан арасында дипломатиялық қатынас орнағанына биыл 30 жыл. Сапар осы мерейлі датаға тұспа-тұс келіп отыр. Мемлекет басшысы бұған айрықша мән беретінін айтты. Өйткені, бұл түрлі саладағы ынтымақтастықты жаңа белеске көтереді. Рим Папасы қазақ халқына жақсылық тілеп, әр адамның жүрегіне бейбітшілік пен келісім орнауын тіледі.

Асима Нұрбайқызы  

Хабарламаларға жазылу