Рим Папасы елордадағы католик шіркеуінде халықпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рим Папасы елордадағы католик шіркеуінде халықпен кездесті

15.09.2022

Рим Папасы Франциск елордадағы католик шіркеуіне барып, халықпен кездесті. Ғиабадат үйіне жиналған қауым оны зор қошеметпен қарсы алды. Кездесуге алыс-жақын шетелден келгендер де бар. Шіркеуде діни қызметкерлердің орындауымен әндер айтылды, дұға оқылды. Рим папасы Франциск рухани құндылық тақырыбына тағы бір тоқталды. Жиын соңында кездесуге келгендер естелік суретке түсті.


Хабарламаларға жазылу