Қазақстаннан Еуропаға бидай экспорты екі есе артты
Қазақстаннан Еуропаға бидай экспорты екі есе артты. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, биыл 183 400 тонна бидай сатылған. Бұл былтырға қарағанда 85 мың тоннаға көп. Демек, экспорттан түсетін табыс 77 млн долларға дейін өскен. Қазақстаннан бидайдың негізгі сатып алушылары Италия, Польша, Латвия және Мальта. Биыл Италияға Канада мен Австралиядан өнім тасымалы азайған. Сондықтан макарон өндіру бойынша әлемдегі ең ірі елдің Қазақстанның бидайына сұранысы артты. Осы арқылы Италияға бидай жеткізуші мемлекеттер арасында еліміз төртінші орынға шықты. Былтыр Италия әлем бойынша 2 млн тоннадан аса макарон өнімін экспорттап, 3,6 млрд доллар табыс тапқан. Ал Қазақстан былтыр 65 мың тонна макарон өнімін шетелге сатты.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22