Елде бағаны тұрақтандыру үшін шаруаларға көмек беріледі
Шаруалар пияз бағасын тұрақтандырса, үкіметтен көмек алады. Бұл туралы Жамбыл облысының фермерлерімен кездескен Серік Жұманғарин айтты. Вице-премьердің сөзінше, шаруалар маусымаралық кезеңде пиязды қымбаттатпауы тиіс. Бағаны 150 теңгеден төмен ұстап отырса, оны батыс өңірлерге жеткізіп, көкөніс қоймаларында сақтауға қаражат бөлінеді. Қазақстандық пияздың 75 пайызы өсірілетін Жамбыл облысында биыл дақылдың өнімі жақсы болмақ. «Самғау» шаруа қожалығы 4500 тонна пияз жинауды жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жарты тоннаға көп. Қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қаржыландыру схемалары қайта қаралып жатыр. Жаңа тәсілдің бірі – аграрлық саланы қолдау үшін үкімет өндірушілермен енді тікелей жұмыс істемек.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жасайтынын айтты
13.09.2026, 20:05
Елімізде қандай салаларда маман тапшы?
13.09.2026, 20:00
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
13.09.2026, 19:59
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13.09.2026, 19:57
Қытай көліктері Еуропа нарығына қалай әсер етіп жатыр?
13.09.2026, 19:55
Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс: Ипотека нарығына әсер ете ме?
13.09.2026, 19:50
«БРИКС плюс» саммиті: Қандай мәселелер көтерілді?
13.09.2026, 19:46
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17