Мектептегі тамақ сапасы тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептегі тамақ сапасы тексеріледі

10.09.2022

Ана өмірі, бала денсаулығы - ұлтымыздың болашағы рас. Стресстен сақтанып, жеп жүрген тамағымызға да абай болған абзал. Осы орайда Алматы қаласы, Ақтөбе, Жетісу облыстарындағы мектептерде ас сапасы тексеріледі.

Төрт айға созылатын зерттеудің мақсаты - оқушылардың тамақтану жүйесін жақсартып, стандартқа сәйкестендіру. Себебі, балалардың 20 пайызында артық салмақ бар. Бұл созылмалы ауруларға әкеледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры мен еліміздегі Ұлттық салауатты тамақтану орталығыосы мәселені шешу жолында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Алмаз Шарман, «Ұлттық салауатты тамақтану орталығы» РҚБ президенті:

Біз балалардың қалай тамақтанатынын бақылаймыз. Мектеп асханаларына барамыз. Ондағы ас мәзірімен танысып, ата-аналарымен де сөйлесеміз. Ең бастысы зерттеу жүргізу арқылы ғалым ретінде өзімізге қорытынды шығарамыз. Ал нәтижесі бойынша ортақ мәзір дайындалады. Дұрыс тамақтанудың жаңа стандарттарын бекітеміз. Мектеп жасындағы балалардың дұрыс тамақтануы бойынша ас мәзірді Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынамыз.


Хабарламаларға жазылу