Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды

11.07.2021

Америка кубогының ақтық ойынында Аргентина құрамасы Бразилияны 1:0 есебімен жеңген соң футбол жұлдызы Лионель Месси алғаш рет халықаралық деңгейдегі атаққа ие болды. 34 жасар Месси әлемдік титулға көптен талпынып жүрген. Бұған дейін Аргентина құрамасының капитаны 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадада ғана жеңіске жеткен еді. Ал клубтық деңгейде футболист төрт рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған. Алты рет «Алтын доп» марапатын алған.

Бүгін Еуропа чемпионатының да соңғы матчы. Лондондағы Уэмбли стадионында Алглия мен Италия кездеседі. Түнде 00:30-де Қазақстан және Қазспорт арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Осы ойынның қарсаңында Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ Англия құрамасына сәттілік тіледі. «Apta» ұжымы Италияға жақтасады.


Хабарламаларға жазылу