Қазақстандық саяхатшы Дмитрий Петрухин мотошерумен Ыстамбұлға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық саяхатшы Дмитрий Петрухин мотошерумен Ыстамбұлға барды

09.09.2022

Әлемнің 170 елін мотоциклмен аралап шыққан саяхатшы бұл жолғы сапарын қазақ-түрік қарым-қатынасының 30 жылдығына, сондай-ақ Алматы мен Ыстамбұлдың бауырлас қала болуына арнаған. Дмитрий Петрухин 20 күнге созылған ұзақ та қиын сапарды Ыстамбұлдағы Абай алаңында аяқтады. Алыстан келген ерекше қонақты қарсы алуға Ыстамбұлдағы Қазақстанның консулдығы бастамашы болып, Түркиядағы жергілікті қазақтар мен бір топ түркиялық жиналды. Олар байкердің жол бойындағы қызықтары туралы әңгімелерін тыңдап, онымен естелік суретке түсті.

Дмитрий Петрухин, байкер:

Менің ең басты миссиям біреу ғана. Ол өзімнің туған елім Қазақстанды, оның рәміздерін әлемге таныту. Ал бұл сапар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға келіп, Ердоғанмен кездесіп, бірқатар келісімдерге қол қойған соң жоспарланды. Екі елдің қарым-қатынас орнатқанына биыл 30 жыл толып отыр. Сондай-ақ арнайы Алматыдан шығып, Ыстамбұлға келу де бауырлас қалалардың ынтымағын нығайту мақсатында жасалды.

Хабарламаларға жазылу