Мәскеуде Ахмет Байтұрсынов туралы деректі фильм көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Ахмет Байтұрсынов туралы деректі фильм көрсетілді

08.09.2022

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған шара Мәскеуде де өтті. Жиналғандар ұлт көсемінің қазіргі қазақ тілінің дамуына зор үлес қосқанын атап өтті. Қазақ жазуын араб графикасы негізінде реформалағанын еске алды. Шараға қатысушылар көрнекті тұлғаның өмірбаянымен танысып, қызықты деректерге қанықты. Сонымен қатар ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильмді тамашалап, өлеңдерінен үзінді оқыды.

Бағдат Әлімханқызы, Халықаралық қатынастар магистрі:

Ахмет Байтұрсынұлының жастарға арнап жазып кеткен еңбегі де мұрасы да мол сол асыл мұрасын жадымызда жүрегімізде жаттау ол біздің тек міндетіміз ғана емес, үлкен мәртебе. Жүз елу жыл толып отырған мерейлі жыл бәрімізге құтты болсын. Әрине, мұндай біртуар азаматтар қазақ тарихында саусақпен санарлақтай. Осындай ерекше азматтарымыздың мұрасын дәріптеу – біздің борышымыз, парызымыз.

Хабарламаларға жазылу