Бұдан былай қанттың зауыттағы бағасы 460 теңгеден аспайды
Бұдан былай қанттың зауыттағы бағасы 460 теңгеден аспайды. Ол үшін қант зауыттарына 3 айға жететін шикізат сатып алуға бюджеттен ақша бөлінеді. Қазақстанда қазір 4 зауыт жылына 700 мың тонна шекер өндіре алады. Бірақ оны қант қызылшасынан емес, құрақтан жасайды. Ал елде өндіріске қажет шикізат тапшы. Бір аптадан соң кәсіпкерлердің шотына қаржы түссе, қант құрағын Бразилиядан импорттау жоспарланып отыр. Халық тәтті өнімнің 230 мың тоннасын ғана тұтынады. Тағы 200 мың тонна шекерді шырын өндіруші компаниялар сатып алады. Кондитерлік өнім өндірушілерге 80 мың тонна қант қажет. Зауыт иелері Сауда және интеграция министрлігінің ұсынысы тез арада іске асса, жыл бойы тауар бағасын көтермеуге келісіп отыр.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада жүзуден Әлем кубогы өтеді
08.09.2026, 17:35
Қарағанды облысында 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 17:33
Семейді абаттандыру қарқын ала бастады
08.09.2026, 17:30
Талғардағы демалыс орындары мен күре жолдарды тазалады
08.09.2026, 17:27
Алматылықтарға Бас жопарға қатысты байланыс орталығы қосылды
08.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
08.09.2026, 17:22
Қызылордада көпбейінді аурухана жыл соңында ашылады
08.09.2026, 17:20
Мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 17:17