Келер жылдан бастап жұмыссыз азаматтарға берілетін әлеуметтік төлем артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылдан бастап жұмыссыз азаматтарға берілетін әлеуметтік төлем артады

06.09.2022

Келер жылдан бастап жұмыссыз қалған азаматтарға берілетін әлеуметтік төлем орта есеппен 13%-ға артады. Демек, оның мөлшері орташа айлықтың 45 пайызына дейін көбейеді. Заңнамада көрсетілгендей, қызметінен босатылып, жұмыссыз ретінде тіркелген кез келген азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ақша аударса, 6 айға дейін әлеуметтік төлем алуға құқылы. Қаражат азаматтың 2 жылдағы табысын ескеріп, есептеледі. Алдағы уақытта азаматтық-құқықтық негізде келісімшартпен жұмыс істейтін және интернет арқылы қызмет көрсететін адамдарды да әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қосу ұсынылды. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу