Зығыр майын Қазақстанда өндіргіміз келеді – шетелдік кәсіпкерлер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зығыр майын Қазақстанда өндіргіміз келеді – шетелдік кәсіпкерлер

06.09.2022

Еуропалық бизнес өкілдері де Қазақстан Президентінің Жолдауын қызу талқылап жатыр. Әсіресе, шетел кәсіпкерлері 10 жылға виза рәсімдей алады деген мәлімдемесін естіп, қуанып отыр. Шетелдік инвесторлар жемқорлықпен күресті күшейтіп, арнайы экономикалық аймақтың тартымдылығын арттыру қазақ еліне құйылатын инвестицияны еселей түседі деген сенімде.

Юхан Фредрикссон, Норвегиялық компанияның басшысы:

Қазақстанның күн мен желден энергия алуға әлеуеті зор. Елдің жасыл энергияға бет бұруын қолдап, біз де индустриалды аймақтарда ауаға таралатын қалдықтарды азайту үшін осы салада біріккен жобаны жүзеге асырғымыз келеді. Қазақстан –инвесторлар үшін мүмкіндіктер елі.

Кристоф Вандервекен, Бельгиялық компанияның сату жөніндегі менеджері:

Біз «Олжа агро» компаниясынан қомақты көлемде зығыр дәнін сатып алуға ниет білдіріп отырмыз. Себебі 120 жылдық тарихы бар біздің компаниямыз негізінен жылына 150 мың тонна зығыр дәніне зәру. Болашақта зығыр майын Қазақстанда өндіргіміз келеді.


Хабарламаларға жазылу