Шетелдік инвесторлар Алматы облысының аграрлық секторына қызығушылық таныта бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік инвесторлар Алматы облысының аграрлық секторына қызығушылық таныта бастады

01.07.2015
Шетелдік инвесторлар Алматы облысының аграрлық секторына қызығушылық таныта бастады

Бүгінгі таңда көрші елдің нарығында азық-түлікке, оның ішінде өсімдік майына деген сұраныс жоғары.

Инвесторлар зығырдың тұқымынан бастап, шаруаларға қажетті техникамен, заманауи суару қондырғыларымен көмектесуге дайын.

Олар өңір басшыларының елімізге зығыр өңдейтін зауыт салу ұсынысына да келсімін берді. Шетелдік бизнесмендер сондай-ақ, Қазақстандағы кен орындарды игеруге қаржылай қолдау көрсету мәселесін қарастырып отыр.

Екі тарап сөзден іске көшудің дәлелі ретінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу