Талдықорған маңы тұнған тарих - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған маңы тұнған тарих

04.11.2014
Талдықорған маңы тұнған тарих

Алматы облысында мәдени және тарихи ескерткіштер реестріне 1250-ден астам нысан тіркелген. Бірақ, өңірде қорғауды қажет ететін жәдігерлер одан да көп.

Солардың бір бөлігі облыс орталығы Талдықорған маңында орналасқан. Қазір  тарихи орындарға құрдымға кету қаупі төніп тұр.

  Сақтар мен үйсіндердің қорғандарынан бөлек, Талдықорған маңындағы жартастарда петроглифтердің 100-ден астам жиынтығы бар.

Жекеменшік ғылыми-зерттеу ұйымының мамандары тастағы таңбалар өз деңгейінде қорғалмағай келе жатқанын айтып, дабыл қағуда.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу