«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында барлық ескерткіш маңы тазартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында барлық ескерткіш маңы тазартылды

17.04.2024

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығында 40-қа жуық тазалық шарасы өтеді. Биыл өңірде дүниеге келген жыр құлагері Ілияс Жансүгіровтың - 130, Алаш қайраткері Мұхамеджан Тынышпаевтың - 145, даңқты суретші Әбілхан Қастеевтың - 120 жылдығы. Айтулы даталарға орай, аудан-қалаларда ескерткіш маңы тазартылып, абаттандырылады. Талдықорған қаласындағы Орталық, Жеңіс және Ардагерлер саябақтарында көшеттер отырғызылып, гүлзарлар жаңартылады. Ауқымды акцияға жастармен бірге ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль апатын жоюға қатысқан жетісулықтар мен өзге де ұжым өкілдері қатысып жатыр.

Ғалымжан Оспанов, облыстық Тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығының директоры:

Облыс байынша бізде 226 ескерткіш болса, осы Талдықорған қаласында 29 ескерткіш бар. Бүгінгі таңда аудандарға, қалалық әкімшіліктерге жоспарлы тапсырма бойынша барлық ескерткіштерді түгел тазалау жұмыстары, әрлеу, сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу