Қостанайдағы өрт: Жағдай әлі де күрделі
Өңірде жағдай әлі де мәз емес. Ахуал күрделі. Күштік құрылымдар мен барлық құтқарушылар жағдайды бақылауына ұстап отыр. Дегенмен алда түн. Желдің екпіні күшейсе тағы ушығып кетуі әбден мүмкін. Оның үстіне өрт шалған ауылдардың ешқайсында тілсіз жау толық өшірілген жоқ. Бықсып, қайта тұтанып жатыр. Сондықтан өрт сөндірушілер түні бойы барлық аумақты күзетіп шықпақ. Ал өртке жақын ауыл аймақ тұрғындары қауіпсіз жерге әлі де көшіріліп жатыр.
Талғат Уәли, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі:
Біз тұрған мына жер жедел штаб. Тәулік бойы жұмыс істейді. Әсіресе әуеден бақылау жиі-жиі жүргізілуде. Мұнда Төтенше жағдай министрлігінен бөлек, Қорғаныс, Ішкі істер, Экология министрлігінің басшылық құрамы жүр. Ертең аймаққа қосымша көмекке адамдар келеді. Әрі ауыр инженерлік техникалар тартылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
27.07.2026, 17:01
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00