Қостанай облысы: Аманқарағай орманында 158 түрлі құс мекендеген
Қызыл жалын шарпыған орманда өсімдік пен жануарларға да аса үлкен залал келді. Популяцияның қайта көбеюіне ұзақ уақыт қажет. Биоалуандылықты сақтау қауымдастығы өрттің салдарына алаңдаулы. Қауымдастық қызметкері Алексей Тимошенко Аманқарағайдағы өрттің шығыстан батысқа қарай 65 шақырымға жеткенін айтады. Маманның дерегіне сүйенсек, бұл орманда көктерек, қайың, қарағай өскен. Сонымен бірге 158 түрлі құс мекендеген. Оның 16-сы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Алексей Тимошенко, Қазақстан биоалуандылықты сақтау қауымдастығының қызметкері:Жануарлардың мекенге қайта келіп, құстардың ұя салуы үшін орман қалпына келуі керек. Бұл аз уақыт емес. Ағаштар қайта өсуі керек. Ең бастысы, құстардың ұя салу кезеңі өрт болмай тұрып аяқталған. Сондықтан көбісі ұшып үлгерді деп ойлаймын. Алайда кеміргіштер, осыған ұқсас жануарлар түтінге тұншығып, орманда қалып қоюы мүмкін.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Электр қуаты толық қалпына келтірілді
08.09.2026, 20:00
Астанада жүзуден Әлем кубогы өтеді
08.09.2026, 17:35
Қарағанды облысында 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 17:33
Семейді абаттандыру қарқын ала бастады
08.09.2026, 17:30
Талғардағы демалыс орындары мен күре жолдарды тазалады
08.09.2026, 17:27
Алматылықтарға Бас жопарға қатысты байланыс орталығы қосылды
08.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
08.09.2026, 17:22