Қостанай облысында өрт сөндіру жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында өрт сөндіру жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр

04.09.2022

Қостанай облысында өрт сөндіру жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр. Күннің ыстығы әлі де қайтпай, жел басылмай тұр. Соның кесірінен қауіп сейілген жоқ. Жан жақтан, яғни Қазақстанның өңірлерінен келген әскерилер мен құтқарушылар ортақ іске жұмылып жатыр. Қазір бізбен өңірдегі тілшіміз Дәуренбек Әбдібек тікелей байланыста.

Дәуренбек Әбдібек, тілші:

Иә, Шерхан, жедел штаб өкілдері өрттің бас аяғы 43 мың гектардай алқапты шарпығанын айтып отыр. Маған жаңа ғана келіп түскен мәліметке сай елордадан әскери десантшылар арнайы ұшақтармен Қостанай облысына келіп жеткен. Олар да тілсіз жаумен күреске қолғабыс етпек. Мұнан бөлек Шығыс аймақтық қолбасшылығына қарасты 50 сарбаз бен 25 бірлік әскери техника келді. Ал Астана аймақтық қолбасшылығынан 10 арнайы техника тағы бар. Дәл қазір Қазақстан әскери әуе күштерінің 4 бірдей тікұшағы да көмек көрсету мақсатында аймаққа ұшып келе жатыр. Олардың барлығы бір қолдың саласындай жұмылып үй- жайды, жасыл желекті жалынға бермей құтқарып қалуға атсалысады.

Өкінішке қарай өрттен ең көп зардап шеккен Аманқарағай ауылында 98 тұрғын үйдің күлге айналғаны мәлім болды. Адамдардың мал-мүлкі шығынға ұшырап, ауылдағы техникалар да жанып кеткен.


Хабарламаларға жазылу