Испанияда жауынан соң қаланы су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда жауынан соң қаланы су басты

24.12.2021

Испанияның оңтүстігінде төпелеп жауған жаңбыр соңы тасқынға ұласып отыр. Бүгін түскен мәліметке қарағанда,  әсіресе Севиллия қаласы қатты зардап шекті. Мұнда көшелер өзенге айналып, жаяу жүргіншілер мен көлік қатынасы тоқтады.

Құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Дегенмен 200-дей адам көмек сұрап, жергілікті төтенше жағдай қызметіне телефон соққан.


Хабарламаларға жазылу