Өткен тәулікте 143 адам коронавирустан жазылып шықты
Бүгінде коронавирустық инфекциядан 2862 адам ем қабылдап жатыр. Оның 88-і бала. Стационарларда 2 мыңнан аса науқас жатса, 800-дейі амбулаторлық ем алуда. 79 адамның жағдайы ауыр, 12 науқас хал үстінде, тағы 12 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Жалпы өткен тәулікте 83 адам коронавирус жұқтырып, науқастар саны 108 984-ке жетті. 143 адам дертінен жазылып шықса, өкінішке қарай, 5 адам қайтыс болды. Ал COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтыру жағдайлары өткен тәулікпен салыстырғанда күрт артып отыр. Дертті бір тәулік бұрын 4 адам жұқтырса, кеше 321 адам сырқаттанып, жалпы ауырғандар саны 35 234-ке жетті. Дерттен айыққандардың жалпы саны 28 мыңға жақындады. Вирусты пневмониядан көз жұмғандар саны - 373.
Ләйлә Дулатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Иесіз жануарларды тамақтандыру заңды ма?
16.01.2026, 21:33
Шетелдегі кино түсіретін компаниялар табыстың 70-90 пайызын алады
16.01.2026, 20:21
Елімізде қоқыстың 20-25 пайызы ғана қайта өңделеді
16.01.2026, 20:18
Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
16.01.2026, 20:17
Еліміз бір жылда 70 млрд доллар инвестиция тартты
16.01.2026, 20:16
Еліміз бойынша қызылша жұқтыру дерегі 85% төмендеді
16.01.2026, 20:11
Энергетикалық сусын тұтынатын жасөспірімдер азаймай отыр
16.01.2026, 20:08
Алматыдағы «Қайрат» ықшам ауданында орналасқан 200-ге жуық үй бұзылуы мүмкін
16.01.2026, 20:05