Президент Жолдауы: Құқықтық сауаттылықты арттыру бүгінгі күннің басты талабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жолдауы: Құқықтық сауаттылықты арттыру бүгінгі күннің басты талабы

02.09.2022

Мемлекеттік басқару ісін жаңғырту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Президент өз Жолдауында саяси қызметшілердің жауапкершілігін арттырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға мән беру керегін айтты. Осыған байланысты Шымкентте үкіметтік емес ұйым өкілдері бас қосып, жергілікті өзін-өзі басқару ісіне қатысты ойларын ортаға салды.

Қоғамдық кеңес, пәтер иелері кооперативтері, мүлік иелерінің бірлестігі секілді құрылымдардың қызметін түбегейлі өзгерту керек. Өйткені тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру ісінде олқылық көп. Сонымен бірге орталық мекемелерді оңтайландыру арқылы жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігін кеңейту қажеттілігі туындап отыр. Мұндай өзгеріс қордаланған мәселелерді өңірлерде, ел ішінде шешуге мүмкіндік береді,- деді Президент.

Сәкен Мәжінбеков, саясаттанушы:
Үкіметтік емес ұйымдарды осы мәселеде белсенділік танытып, өздерінің бақылау, қадағалау функцияларымен бірге жақсы иннновациялық идеялар, ұсыныстарымен шықса билікке деген қысымды азайтар еді.

Азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығының төмендігі де күрделі әлеуметтік мәселеге айналып барады. Табысы мен жұмсайтынын шығынын дұрыс таразылай алмағандықтан көбі несиенің қамтынан құтыла алмай жүр. Үкіметтік емес ұйым мүшелері бұл мәселеде де құзырлы орындармен бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екенін айтты.

Жанетта Жазықбаева, Шымкент қаласы бойынша балалардың құқығын қорғау омбудсмені:
Қаржылық саясатты білім саласында, балабақша табалдрығынан бастап үйретуіміз керек. Болашақта ақшаны дұрыс жұмсау, игеру туралы арнайы оқулар болады деп ойлаймын.

Бүгінде отбасындағы зорлық-зомбылыққа байланысты жазаны күшейту туралы ұсынысты жақтайтындар көбейіп келеді. Өйткені кінәсін дәлелдеу қиын болғандықтан мұндай азаматтар әпербақандық әрекетін жалғастыра береді. Мұндай кезде зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет, дейді - мамандар.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу