Қостанайда көлік саласы мамандарының сайысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда көлік саласы мамандарының сайысы өтті

15.11.2022

Қостанайдағы автотранспорт колледжінде көлік саласы мамандарының сайысы өтті. Шеберлік бәсекесіне еліміздің 15 облысынан кәсіптік техникалық оқу орындарының оқытушылары келді.

Олар 3 күн бойы жүк және жеңіл көліктердің бөлшектерін құрау, электр жүйесін орнатудан өзара сынға түседі. Мұндай сайыс Қостанайда осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Конкурсқа келген 15 шебердің бәрі, өз өңірлерінде өткен бәсекеде үздік шыққандар.

Ерлан Сафин, бас сарапшы:

Қатысушыларға сәттілік тілейміз. Жақсы өздерінің кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсеткендер марапатталатын болады.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу