Атырауда қолөнер көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда қолөнер көрмесі өтті

01.11.2014
Атырауда қолөнер көрмесі өтті

Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында ерекше көрме өтті. Жергілікті тұрғын, 2-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан Берекет Ақжігітов жылдар бойы жиған ондаған туындыларын қалалықтардың назарына ұсынды.

Берекет Ақжігітов осыдан 4 жыл бұрын өндіріс орнында жарақат алып, арбаға таңылған болатын. Алайда, өмірден түңілмей, жанына жақын ермек тапты. Қытайдың Бейжің қаласында емделіп жүргенінде-ақ жаймаға бейне салудың қыр-сырын үйренді.

Осындай кәсіпті жанына серік еткен Берекет бүгін алғашқы туындыларын көрерменге ұсынды. Оның алуан түрлі үлгіде орындалған шығармалары келушілер көңілінен шықты.

Жалпы, Құлсары қаласында Берекет секілді тағдыр тәлкегіне түсіп, арбаға таңылған 18 адам бар. Жергілікті билік осындай мүмкіндігі шектеулі жандардың басын қосып, арнайы үйірме ұйымдастыруды жоспарлар отыр.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу