Биыл жол құрылысынан 400-ден астам олқылық анықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл жол құрылысынан 400-ден астам олқылық анықталған

01.09.2022

Кедендік бақылаудың ашықтығын қамтамасыз ету, елдің транзит әлеуетін арттыру мен жергілікті жолдардың жағдайын жіті бақылауда ұстау Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі болуы тиіс. Жолдауда Президент айтқан осы мәселе – көлік логистика саласын көтерудегі маңызды қадам. Мәселен, Павлодар облысы арқылы өтетін 5700 шақырымдай жол бар. Оны тұтастай тегіс деп айту қиын. Әсіресе шалғай елдімекендерге апаратын жол сапасы сын көтермейді. Биылдың өзінде сапаны бақылайтын мемлекеттік мекеме өңірдегі жол құрылысынан 400-ден астам олқылықты анықтаған. Мемлекет басшысы транзиттік қуатты арттыру арқылы әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналу мүмкіндігін айқындап берді. Жылдар бойы кейінге ысырылып келген маңызды жобалар шешімін табады деген сенім пайда болды, дейді сала мамандары.

Талғат Қайратхан, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РММ облыстық филиалының директоры:

Логистика жағынан өте маңызды мәселе. Павлодар өңірінде көпіріміз бар. Ескі көпір. Бүгінгі күні ол көпірмен жүк көлігінің жүруіне тыйым салынған. Ол көпірді дұрыс қөалпына келтіріп немесе жаңа көпір салынғаннан кейін біздің осы жол бағытындағы логистикамыз 50 пайызға қысқарады. Президентіміздің Жолдауынан кейін бізге үлкен бір пәрмен беріліп тұр. Осы бағытта жұмысымызды күшейтеміз.

Хабарламаларға жазылу