Вашингтонда 400-ден астам адам тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтонда 400-ден астам адам тұтқындалды

12.04.2016
Вашингтонда 400-ден астам адам тұтқындалды
Олар заңсыз шеру ұйымдастырғандары үшін ұсталған.

Вашингтонда Капитолий жанында өткен акция кезінде 400-ден астам адам қамауға алынды. Олар заңсыз шеру ұйымдастырғандары үшін ұсталған.

Наразылық акциясына жиналғандар ақшаның саясаттағы ықпалына қарсы шығып, сыбайлас жемқорлықты жоюды, әділ және ашық сайлаудың өтуіне жағдай жасауды талап еткен.

«Сенің ауқатты болуыңа қарсы емеспін. Алайда, менің үкіметімді сатып алғаныңа қарсымын», деп ұрандатқан олар бұған дейін 9 күн бойы Филадельфияда осындай шеру өткізген.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу