Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімін қабылдады
Қызылорда облысында қуаты 240 мегаватт жаңа жылу электр орталығы салынады. Құны 215 млрд теңге. Орталық 3 жылдан кейін пайдалануға беріледі. Бұдан басқа, 2024 жылы Қызылорда қаласы әуежайының жаңа терминалы ашылады.
Бүгін Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты де қабылдады. Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, инвестиция тарту, мұнай қорының сарқылуына байланысты газ өндіру, жаңа геологиялық зерттеу жұмыстары туралы баяндады.
Облыс әкімі Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттер арасындағы келіссөздер нәтижесінде су көлемі былтырғы деңгейден артқанын жеткізді. Күріш саласын дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленбек.
Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының әкімі:
Тағы да бір мәселе – еңбек дауларын шешу. Аймақтағы ірі 49 кәсіпорынмен меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта қызметкерлердің еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру көзделген. Жұмыс орны қысқарту орын алмайтын болады.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12