Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшелерін қабылдады
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшелерін қабылдады. Кездесуде Президент «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбаймен отандық құқық жүйесін дамытудың кейбір аспектілерін талқылады. Ұлттық құрылтай мүшесі мемлекет басшысына еліміздегі реформалар аясында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру туралы ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ Президент құрылтайдың мүшесі, Солтүстік Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің өкілі Сергей Худяковты қабылдады. Жүздесуде тұрғын үй саясаты мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. Сондай-ақ Сергей Худяков қоғамдық бірлікті нығайту жөнінде көзқарасын білдірді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12