Павлодарда мемлекеттік кіріс департаментінің үш қызметкері сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мемлекеттік кіріс департаментінің үш қызметкері сотталды

23.08.2022

Олар пара алды және пара берді деп айыпталды. Мәселен, экспорттық бақылау басқармасының басшысы жұмыс бабы барысында «еш жайсыздық туындамайды, лауазымдарыңды өсіремін» деп өзіне бағынышты екі қызметкерден 200 мың теңге алған. Ал олар бұл ақшаны кәсіпкерлерден бопсалаған. Аймақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі олардың өзара ымыраласу арқылы әрекет жасағанын дәлелдеді.

Агидель Ыбраева, Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Сотталғандар өздерін кінәліміз деп мойындады. Өйткені бейнетаспаға жазылған құжат жүзіндегі және сараптамалық дәлелдер бар. Басқарма басшысы 6 млн теңге, ал басқа екі қызметкердің әрқайсысына 5 млн теңге айыппұл төлейтін болады. Үшеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметке жұмысқа алынбайды. Сот үкімі әзірге күшіне енген жоқ.


Хабарламаларға жазылу