Украина: Жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина: Жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салынды

22.08.2022

Осы аптада Украина тәуелсіздік күнін атап өтуі керек. Бірақ, Киев, Харковь және өзге де ірі қалаларда тамыздың 23-нен бастап 25-не дейін жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салынып отыр. Өйткені мереке кезінде Ресей шабуылдарды қатыгездікпен күшейтуі мүмкін. Мұны президент Владимир Зеленский ескертті. Оның мәлімдеуінше, жоғарыда аталған қалаларда коменданттық сағат енгізілген. Және де мейрам күндері тұрғындарға қоғамдық орындарға баруға, көшеде жаяу немесе көлікпен жүруге тыйым салынады.

Айта кетсек, Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыстың жүріп жатқанына екі күннен кейін тура 6 ай болады.

Владимир Зеленский, Украина Президенті:
Біз осы аптада Ресейдің өте жағымсыз әрі ерекше қатыгездікке баруы мүмкін екенін ұғынуымыз керек. Өйткені, жауымыз - сондай. Бірақ, ол өткен жарты жылдың кез-келген аптасында да осындай қатыгездіктерден тайынған жоқ.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу