Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімін де қабылдады. Өңір басшысы аймақтағы ауыл шаруашылығының дамуы, жылыту маусымына дайындық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде баяндады. Қазір күзгі егін науқаны басталған. Биыл бір гектардан 16 центнер астық алу болжанып отыр. Облыста 170 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілмек. Әкім бұл көрсеткіш бойынша республикада аймақтың көш басында тұрғанын жеткізді. Әрі биыл аграрлық секторға 180 миллиард теңге инвестиция тартылады дейді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев егін жинау науқанын жоспарға сай орындауды және облыстағы өзге де жобаларды одан әрі жалғастыруды тапсырды.
Сәбит Әлдебай