Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады
Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады. Аймақ әкімі Мемлекет басшысына Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика бар екенін айтып, стратегиялық даму жобасымен таныстырды. 5 бағыттан тұратын құжат 2 кезеңді қамтиды. Алдымен 2025-жылға дейін, сосын 2030-жылға дейін жүзеге асырылмақ. Алматы облысында таяу уақытта инвестицияның өсімін 455 миллиард теңгеден 686,5 миллиард теңгеге дейін арттыру көзделген. Әрі 7 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 132 жобаның инвест портфелі жасақталған. Қасым-ЖомартТоқаев кездесу соңында облыс дамуының стратегиялық жоспарын тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асыруды тапсырды.
Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:
Ең бастысы біз сол инвестицияларды 1,5 есеге көбейтуге тырысамыз. Бүгінде 290 млрд теңгенің жобалары өндірісте. Олар ауылшаруашылығы саласында. Сонымен қатар мектептердің де тапшылығы бойынша әңгіме болды. Бізде 54 үш ауысымды мектеп бар. Ол басқа аймақтарға қарағанда көп. Сондықтан мемлекеттік бағдарлама шаңберінде 51 мектеп салынатын болады.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12