«Super Bol!» жобасы: Ең үздік 25 футболшы «Астана-Арена» стадионында алаңға шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Super Bol!» жобасы: Ең үздік 25 футболшы «Астана-Арена» стадионында алаңға шығады

19.08.2022

Екі жарым айға созылған «Super Bol!» жобасы мәресіне жақындады. Қазақ футболының ардагер ойыншылары Самат Смаков пен Давид Лория бастаған жобаның ертең финалдық ойыны өтеді. «Super Bol!» жобасы елімізде биыл тұңғыш рет өтіп, оған қатысуға 6 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Жобада 16 мен 25 жас аралығындағы жігіттер бақтарын сынады. Үш аптаға созылған іріктеу нәтижесінде үздік деп танылған 132 қатысушы Алматыдағы финалдық кезеңге өтті. Енді міне кіл мықтыдан кім мықтыны анықтайтын жобаның финалына өткен ең үздік 25 футболшы «Астана-Арена» стадионында ең басты матч үшін алаңға шығады. Финалдық матч ертең елорда уақытымен 20:00-де басталады. Ойынды Казспорт телеарнасы тікелей толқында көрсетеді.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу