«Super bol!»: Қазақстан футболының аңыз ойыншыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Super bol!»: Қазақстан футболының аңыз ойыншыларымен кездесті

08.08.2022

Алматының Орталық стадионында «Qazsport» телеарнасының «Super bol» реалити-шоуының қатысушылары мен ел құрамасы сапында ойнаған танымал футболшылар жолдастық матч өткізді.

Жас футболшыларды іріктеу жобасы Семей қаласында басталып, еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасты. Аталған жоба 16-25 жас аралығындағы жастардың өз шеберлігін көрсетуге мүмкіндік береді. Олардың арасынан 50-ден астам жас іріктеліп, болашақта кәсіби командалар қатарында ойнауына жол ашылмақ. «Super bol» футболшылары ұлттық құраманың аты аңызға айналған ойыншыларымен арасындағы ойыны 4:4 есебімен тең аяқталды.


Хабарламаларға жазылу