Газ бүгін рубльге сатыла бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газ бүгін рубльге сатыла бастайды

01.04.2022

Бүгіннен бастап шет мемлекеттер Ресей газын рубльге ғана сатып алуы керек. Мұны президент Владимир Путин жариялады. Кремль басшысы осы жайлы құжатқа қол қойғанын да атап өтті.

Путиннің мәлімдеуінше, сатып алушылар көгілдір отынды импорттау үшін ең алдымен Ресей банктерінде есепшот ашуы тиіс. Айта кетсек, бұған дейін батыстық компаниялар мен бірқатар елдердің үкіметі бұл идеядан бас тартқаны белгілі. Олардың сөзінше, Ресейдің газын сатып алу туралы келісімшарттар доллар мен еуроға ғана негізделген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу