Таразда автокөлік ұрлығын кәсіпке айналдырған күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда автокөлік ұрлығын кәсіпке айналдырған күдікті ұсталды

18.08.2022

Ол көліктерді түнгі мезгілде ұрлап, өзге аймақтарға төмен бағада сатып келген. 14 тамызда қала тұрғындарының бірінен «ВАЗ» маркалы көлігі жоғалғаны туралы полицияға арыз түскен. Жедел іздестіру нәтижесінде Байзақ ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталды.Тексеру барысында әккі ұрының бұған дейін де 13 көлікті ұрлап сатып жібергені анықталды. Ол қылмысы ашылмас үшін тек ресейлік нөмірмен тіркеуде тұрған автокөліктерді қолды қылып келген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Хабарламаларға жазылу