Бүгін Астанада «Отан үшін отқа түскендер» атты жаңа фильмнің тұсаукесері өтті.
Жеңістің 70 жылдығына арналған туынды Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің тікелей тапсырмасымен түсірілген.
Осыған дейін орыс тілінде Киев қаласында қойылған. Ал, бүгін алғаш рет қазақ тіліне аударылып, астаналықтардың назарына ұсынылды.
Фильмде ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдары қаза тапқан қандастарымыздың тағдыры баяндалады.
Айдана ҮСЕНБАЙ