Батыс Қазақстанда мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандар анықталды

15.08.2022

Батыс Қазақстанда мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандар анықталды. Өндірістік төлқұжаты жоқ кәсіпорын мұнай өнімдерін заңсыз өндірген, сақтаған және тасымалдаған. Облыстық Қаржы мониторингі департаментінің мамандары 3,5 мың тоннадан астам мазут, теңіз отыны, нафта және басқа да мұнай өнімдерін шетелге шығармақ болғандардың жолын кесті. Анықталған дерек бойынша тергеу басталды.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу